Алматыда ұрлықтың алдын алды

Қазақстанда танымалдыққа ие болған үйге арналған дабыл жүйесі өзінің тиімділігін тағы да дәлелдеді. Отандағы өнеркәсіптік және тұрмыстық күзет нарығының ірі компанияларының бірі – «Казсекур» 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Күн сайын операторлардың пультіне 50-ден астам дабыл сигналы түседі.

Бұл жолы үйге орнатылған дабыл жүйесі және «Казсекур» компаниясы қызметкерлерінің жедел іс-қимылы клиенттің жеке үйіндегі мүліктің ұрлануына жол бермеді және қожайындарына 5 миллион теңгеден астам қаражатын сақтап қалды.

2018 жылғы 7 қараша күні таңертең «Казсекур» компаниясының орталық бақылау пультіне жеке сектордағы бір нысаннан дабыл сигналы түсті. Белгілер: «17,18 – көше қозғалыс датчиктері, ас үй және қонақ бөлме». Оператор жедел түрде әрекет етіп, Жедел әрекет ету тобының (ЖӘТ) экипажын нысанға жіберді. Реакция уақыты бар болғаны 4 минутты құрады.

«Казсекур» компаниясы қызметкерлерінің және ЖӘТ экипажының жедел іс-әрекеттерінің арқасында жеке үйде ұрлық жасау әрекетінің жолы кесілді және үш заң бұзушы қылмыс үстінде ұсталып, кейін Жетісу аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Үй иелері жеделдік пен мүлікті сақтап қалғаны үшін, сондай-ақ ұрлықтың алдын алғаны үшін алғыстарын білдірді.

«Казсекур» ЖШС директоры Аман Алмұхамедовтың айтуынша, әрбір осындай жағдай қауіпсіздіктің техникалық факторын жаңа деңгейге көтеру қажеттігін және оқиғаны күтпей, алдын ала тәуекелдерді азайту үшін күзет дабылын орнатудың маңыздылығын көрсетеді. Бұл мүлікті ғана емес, тіпті адамның өмірін де сақтап қалуы мүмкін.

Сонымен қатар, «Казсекур» компаниясында қазақстандықтардың дабыл жүйелеріне сенімі артып, үйлеріне және кеңселеріне жиі орнатып жүргенін хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар

COVID-19

Коронавирустық инфекция (COVID-19) таралу жағдайында «ГРУПП Четыре» ЖШС-нің басты қамқорлығы – қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі болып қала береді. 2020 жылғы...