Егер сіз әлі «ГРУПП Четыре» компаниясынан күзет қызметін рәсімдемеген болсаңыз, онда мына негізгі қорғаныс тәсілдеріне назар аударыңыз:
Кіреберіс есік
Статистикаға сәйкес, үйге немесе пәтерге заңсыз кірудің 72%-ы есік арқылы жасалады. Үйдегі ең осал орынды қорғау үшін сапалы темір есік орнатқан жөн. Ең дұрысы – екі берік құлып пен көзше (глазок) болуы керек.
Кілттер
Қазақстандықтардың көбінде кілттерді қолжетімді жерлерге жасыру әдеті бар. Біздің кеңесіміз: бұлай жасамаңыз. Кілемшенің астын немесе пошта жәшігін ұрылар бірінші тексереді. Кілттерді бөгде адамдарға бермеңіз. Ал егер кілттеріңізді жоғалтсаңыз, құлыптарды дереу ауыстыруға тырысыңыз.
Терезелер мен балкондар
Жарықты сөндіргенде терезелерді пердемен жауып кетуді ұмытпаңыз. Үйден немесе пәтерден шығарда терезелер мен балкон есіктерін тексеруді әдетке айналдырыңыз. Барлығы жабық па? Демек, жолыңызды жалғастыра беруге болады. Әсіресе бірінші қабатта тұратындарға терезеге тор орнату пайдалы болады.
Компания сондай-ақ кеңес беру қызметін ұсынады. Біздің мамандар үйіңізді тексеріп, күшейту және қорғау бойынша ұсыныстар береді.
Жарықтандыру
Жарықтандыруды мұқият ойластырыңыз. Тәжірибе көрсеткендей, ұрылар жарық жерден қорқады. Қозғалыс сенсоры мен инфрақызыл сәулелендіргішпен жұмыс істейтін шамдар қазір өте танымал. Олар энергияны үнемдейді әрі қозғалысты байқағанда автоматты түрде жанады.
Қоршау, гараж, шаруашылық құрылыстар
Ұрыларды үркіту үшін биік қоршау орнатыңыз. Қорғаныстың тағы бір тәсілі – тікенекті бұталардан жасалған жасыл қоршау. Гараж бен сарайдың жабық екенін тексеріңіз. Құрал-саймандар мен баспалдақтарды далада қалдырмаңыз – оларды тек ұрлап қана қоймай, сіздің зияныңызға да қолдануы мүмкін.
Бейтаныс адамдар
Иә, біз мұны алғаш айтпаймыз, бірақ еске салу артық емес. Есікті ашып, үйге бейтаныс адамдарды кіргізбеңіз. Әлеуметтік, коммуналдық немесе басқа да қызмет өкілдері болып танысқан адамдардың құжаттарын тексеріңіз.
Демалыс және еңбек демалысы
Тәжірибеміз көрсеткендей, ұрлықтар көбіне үй бос кезде жасалады. Сіздің үйде жоқ екеніңізді тек достарыңыз білсін. Көршілерге жұмыс кестеңізді немесе қай уақытта демалысқа кететініңізді айтпаңыз.
Үй иесінің жоқтығының белгілерінің бірі – пошта жәшігінің толып қалуы. Достарыңыздан хат-хабарды алып тұруды сұраңыз – бұл қажетсіз назарды азайтады.
Көршілер
Көршілер – тамаша көмекшілер. Олармен жақсы қарым-қатынас орнатыңыз. Дәл солар сіздің үйіңіздің жанында күдікті адамды бірінші болып байқайды немесе пәтерден шыққан шуды естиді.
Құнды заттар
Құнды заттарды үйде сақтамаңыз. Барлық ықтимал тығылу орындарына тәжірибелі ұрылар баяғыда таныс. Ақшаны банктегі шотта сақтаған дұрыс. Немесе банк ұяшығын пайдаланыңыз. Тағы бір нұсқа – сенімді сейф сатып алу.
Сарапшылардың пікірі
Ең жақсы күзет – бұл техникалық күзет.
Күзет дабылы, бейнебақылау жүйесі, домофон – бізде сіз өзіңізге қолайлы нұсқаны таңдай аласыз. Үйге немесе пәтерге дабыл орнатқаннан кейін оның қауіпсіздігіне сенімді боласыз. Егер аумағыңызға қаскөйлер кірмек болса, дабыл іске қосылады да, мобильді күзет бірден оқиға орнына шығады. Сізге хабарлама келіп, барлық жағдайдан хабардар боласыз.