Офисті қалай қауіпсіз етуге болады

Офис қауіпсіздігі – компания жұмысының жайлы өтуінің маңызды шарты. Басшылар күзет мәселесінде жиі қиналып, кімге сену және қандай жабдықты таңдау керектігін білмей жатады.

Шартты түрде офис қауіпсіздік жүйесін үш бөлікке бөлеміз:

  • бейнебақылау;
  • қолжетімділікті бақылау;
  • дабыл жүйесі.

Бейнебақылау

Офистегі ең осал орын – кіреберіс. Мұндай жерлерге бейнекамера орнатуды ұсынамыз. Камераларды ақша мен маңызды құжаттар сақталатын сейфке де бағыттаған жөн. Бейнебақылау қылмысты дер кезінде жазып алып, барлық заң бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.


Дабыл түймесі

Тревожды түйме – офис қызметкерлері мен келушілерін қорғаудың сенімді тәсілі. Бір рет басқанда жедел әрекет ету тобы шақырылады. Мұндай жүйе тонау сияқты төтенше жағдайларда көмектеседі.


Өту жүйесі (пропуск)

Өту жүйесі кадрлық есепті автоматтандырады. Бөтен адамдар офистің аумағына кіре алмайды. Бұдан бөлек, жүйе жұмыс уақытын есепке алады, бұл еңбек тәртібін бақылауға көмектеседі.


Қозғалыс және күзет датчиктері

Түнгі күзетшілердің санын қысқартуға терезелерге, есіктерге және қабырғаларға орнатылған датчиктер көмектеседі. Құрылғылар қозғалыс пен дыбысты бірден анықтап, ақпаратты бірден бейнебақылау пультіне жібереді. Жүйе телефон нөмірлері арқылы хабарлама жіберу мүмкіндігіне ие. Тек қажетті контактілерді бағдарламалау жеткілікті – жүйе өзі қоңырау шалып немесе SMS жібереді.

Ұқсас жаңалықтар

COVID-19

Коронавирустық инфекция (COVID-19) таралу жағдайында «ГРУПП Четыре» ЖШС-нің басты қамқорлығы – қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі болып қала береді. 2020 жылғы...