Оның дауысы – баурап алады.
Оның әндері – жанның ең тереңіне жетеді.
Оның энергиясы – мыңдаған жүректерді жағады.
Наташа Королёва шығармашылығының 25 жылдығы 2019 жылғы 15 наурызда Республика сарайында өткен көптен күткен мерейтойлық концертпен аталып өтті!
Әндерімен бірнеше буын өскен әртіс жаңа концерттік бағдарламасын ұсынды: жағымды тосынсыйлар, жанды әуен, көрерменмен интерактив, ерекше хореографиялық қойылымдар, жаңа әндердің премьерасы және халық сүйіп тыңдайтын алтын хиттер.
Бұл іс-шараның қауіпсіздігін «ГРУПП Четыре» ЖШС күзет агенттігі қамтамасыз етті. Күзет қызметкерлерінің мұқият дайындалуы мен үйлесімді жұмысының арқасында төтенше жағдайлар мен құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алып қана қоймай, концерттің тәртіпті өтуі де қамтамасыз етілді.
Концерттен кейін Н. Королёва «ГРУПП Четыре» ЖШС қызметкерлерінің сапалы жұмысына оң бағасын беріп, ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.