15 000-нан астам отбасы мен кәсіпкерлер бізге өз қауіпсіздіктерін сеніп тапсырды!

Әркім өзін, өмірін және мүлкін қорғағысы келеді. Біздің міндетіміз – бұл қорғауды жедел әрі сапалы қамтамасыз ету. Компанияның 2 500-ден астам қызметкері осы мақсатта күн сайын еңбек етеді.

20 жылдан астам уақыт бойы біз техникалық және материалдық базамызды жетілдіріп келеміз. «ГРУПП Четыре» күзетшілер мен күзет компанияларының басшыларын оқыту және біліктілігін арттырумен айналысатын арнайы даярлық орталығына ие.

Автопаркте GPS-пен жабдықталған 100-ден астам автокөлік бар. Біздің тұтынушыларымыз біледі – біз кез келген дабыл сигналына жедел әрекет етеміз.

Жұмысымызды тұрақты клиенттеріміздің алғыс хаттары мен грамоталары растайды.

Біз өз мақсаттарымызға жетіп, парызымызды орындаймыз – сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеміз.

«ГРУПП Четыре» компаниясының ұжымы барлық клиенттер мен серіктестерге алғысын білдіреді.

Рахмет, бізбен бірге болғандарыңызға!

Ұқсас жаңалықтар

COVID-19

Коронавирустық инфекция (COVID-19) таралу жағдайында «ГРУПП Четыре» ЖШС-нің басты қамқорлығы – қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі болып қала береді. 2020 жылғы...