Қалай күзет агенттігін таңдау керек?

Күзет агенттігін таңдауға барынша мұқият қарау қажет. Назарларыңызға бірнеше ережелер мен таңдаудағы негізгі факторларды ұсынамыз.


Дұрыс таңдау

Фактор 1. Таңдаған компания туралы мүмкіндігінше көбірек біліңіз.

Шартқа қол қоймас бұрын барлық ақпаратты жинап алыңыз. Ең қолжетімді дереккөздердің бірі – интернет. Жалпы ақпарат, қызметтер тізімі корпоративтік сайтта орналасқан. Тәжірибелі фирма өз клиенттері туралы арнайы бөлімде (біздің сайтта ол «Тапсырыс берушілердің пікірлері» деп аталады) айтады. Компанияның қызметі мен жетістіктері жайлы ірі клиенттердің сертификаттары мен алғыс хаттары да көп нәрсе аңғартады.

Жеке адамдардың пікірлерін де іздеп көруге болады. Бұл – компаниямен жұмыс істеп, оның кейбір қыр-сырын білетін адамдардан ақпарат алудың бір тәсілі.

Ұнаған күзет компаниясынан міндетті түрде осы қызмет түріне берілген жарамды лицензияны көрсетуді сұраңыз. Лицензияның мерзіміне де назар аударыңыз.

Айта кету керек, біздің лицензиямыз мерзімсіз және оның көшірмесін корпоративтік сайттан табуға болады.


Фактор 2. Кеңсесіне барыңыз.

Әр компанияның кеңсесі болуы тиіс. Бұл – компания сіз ақша төлегеннен кейін жабылып қалмайтынына кепілдік. Сонымен қатар, агенттік қызметкерлерімен танысып, олармен жеке сөйлесе аласыз.

Өзінің оқу-жаттығу алаңдарының болуы компанияның салмақтылығын көрсетеді және бұл қосымша артықшылық. Мұндай фирма өз қызметкерлерінің әлеуетін сақтауға және дамытуға мүмкіндік алады.

Компанияның басқа қалалардағы филиалдары оның жұмысқа қабілеттілігінің тағы бір көрсеткіші. Бұл – агенттіктің беделге ие болып, қызметіне сұраныс бар екенін білдіреді.

Өзіміз туралы айтар болсақ, бізде Қазақстан бойынша 24 филиал және «Асар» атты өзіміздің мамандарды даярлау орталығы бар.


Фактор 3. Персоналмен танысыңыз.

Күзет қызметінің кәсіби мамандары сізге кеңес беріп, тәуекелдерді талдап, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы жоспарын жасауы тиіс. Менеджердің жұмысы тек қызметтер туралы ақпарат беріп, сұрақтарыңызға жауап берумен шектелмейді, ол компанияның жұмысымен таныстыруы керек.

Компания мамандарымен танысқаннан кейін, компанияға деген сенім пайда болуы тиіс. Өйткені сіздің жеке мүлкіңізді қорғайтын осы адамдар.

Келісіңіз, егер компания көп жылдан бері жұмыс істеп келсе, онда оның білікті қызметкерлер штаты бар деген сөз. «ГРУПП Четыре» компаниясында 2500-ден астам маман жұмыс істейді.


Фактор 4. Маман даярлау талаптары туралы біліңіз.

Ірі компанияларда кадрларды іздеумен кадр бөлімі айналысады. Қызметкерлерді күзет компаниясына қабылдау бойынша негізгі нұсқаулық – заңнамалық актілер. Күзет саласында тек оқу мен кәсіби даярлықтан өткен адамдар ғана жұмыс істей алады. Компаниямен шартқа қол қоюдан бөлек, болашақ қызметкерлер міндетті түрде құжатпен растауы тиіс:

  • психикалық денсаулық, психикалық және алкогольге тәуелділіктің жоқтығы;
  • сотталмағандығы;
  • денсаулығының қызметтік міндеттерді атқаруға жарамдылығы.

Біз өз мамандарымыздың физикалық дайындығын қадағалаймыз. Олар үнемі нормативтер тапсырады және міндетті түрде жекпе-жек өнері мен қарумен жұмыс бойынша нұсқаушылармен жаттығады.


Күзет компаниясын таңдағанда мынаны ескеріңіз:

  • сайтты зерттеу;
  • пікірлерді оқу;
  • жарамды лицензияның бар-жоғын тексеру;
  • кеңсесіне бару;
  • мамандарымен сөйлесу;
  • күзетшілерді оқытуға және даярлауға компанияның қаншалықты байыппен қарайтынына көз жеткізу.

Ұқсас жаңалықтар

COVID-19

Коронавирустық инфекция (COVID-19) таралу жағдайында «ГРУПП Четыре» ЖШС-нің басты қамқорлығы – қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі болып қала береді. 2020 жылғы...