Күзетшінің кодексі

«Кәсіби этика» мен «кодекс» ұғымдарының астарында – борышқа және қызметке деген көзқарас, этикалық нормалар мен қағидаттар жатыр. «ГРУПП Четыре» әр қызметкер осы этика мен кодекс нормаларын ұстануы тиіс деп санайды. Мұның барлығы оның кәсіби мәдениетін қалыптастырады және жұмыстың ажырамас бөлігі болып табылады.

Күзетшінің мәдениеті – бұл оның құқықтық сауаттылығы мен кәсібилігі. Мәдениет сондай-ақ психологиялық дайындық деңгейін, моральдық және зияткерлік қасиеттердің үйлесімді дамуын қамтиды.


Кәсіби және жеке сапа стандарттары:

  • Адалдық, әділдік, әдептілік. Кәсіби күзет қызметкеріне өзіне және жұмысына деген сенімділік, шыдамдылық, ұстамдылық тән.
  • Кәсіби маман эмоциясын тежей біледі. Ол әр ісінде парасатты болады. Қауіпсіздік нұсқауларын қатаң сақтайды, белгіленген тәртіпке принципшілдікпен қарайды.

Қатардағы қызметкерлер бүкіл компания туралы алғашқы әсерді қалыптастырады. Біз үшін сыртқы келбет – бұл «ГРУПП Четыре» бейнесі. Сондықтан әрбір маманның сыртқы көрінісі маңызды. «ГРУПП Четыре» қызметкерлері жинақы, ұқыпты әрі таза. Біз мұндай бейне ұйымшылдық пен жұмысқа деген салмақты көзқарасты білдіреді деп санаймыз.

Күзетшінің жабдықтары таза әрі ұқыпты болуы тиіс. Қызметтік форма – дұрыс пішілуі жағынан ыңғайлы әрі қызмет атқаруға қолайлы болуы шарт.

Біздің барлық қызметкерлер кез келген жағдайда клиенттермен сыпайы және әдепті қарым-қатынас жасайды. Бұл тек қызметтік міндеттерін орындау кезінде ғана емес, сонымен қатар жұмыс уақытынан тыс мезгілде де сақталады.

Ұқсас жаңалықтар

COVID-19

Коронавирустық инфекция (COVID-19) таралу жағдайында «ГРУПП Четыре» ЖШС-нің басты қамқорлығы – қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі болып қала береді. 2020 жылғы...