Күзетші алматылық қызды өзін-өзі өлтіруден құтқарды

Алматыда қаладағы бизнес-орталықтардың бірінде күзет қызметкері қызды өзін-өзі өлтіруден құтқарды, деп хабарлайды Tengrinews тілшісі.

Оқиға 10 қыркүйек күні сағат 08:15 шамасында Сәтпаев пен Байзақов көшелерінің қиылысында орналасқан көпірде болды. «ГРУПП Четыре» компаниясының күзетшісі Серік Ерболов қызмет атқарып жүрген кезінде қыздың күдікті әрекетін байқайды. Ол бірден радиобайланыс арқылы әріптестеріне хабар беріп, өзі оқиға орнына барған.

«Ол көпірдің екінші деңгейінде тұрды, ал мен төменде едім. Қыз бетперде мен көзілдірік тағып алғандықтан, жүзін де, эмоциясын да көре алмадым. Мен төменнен өтіп бара жатқан көліктерді тоқтата бастадым. Кейін жол-патрульдік полиция экипажын көріп, оларды тоқтатып, қызды нұсқадым. Полицейлер оған жақындап бара жатқанда, мен қызды сабырға шақырдым. Оның ата-анасы мен туыстары бар екенін, олар қайғыратынын айттым. Біз сөйлесіп жатқанда, полицейлер қасына жетіп, әрі қарай әңгіме жүргізе бастады».

Ұқсас жаңалықтар

COVID-19

Коронавирустық инфекция (COVID-19) таралу жағдайында «ГРУПП Четыре» ЖШС-нің басты қамқорлығы – қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі болып қала береді. 2020 жылғы...