COVID-19

Коронавирустық инфекция (COVID-19) таралу жағдайында «ГРУПП Четыре» ЖШС-нің басты қамқорлығы – қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі болып қала береді. 2020 жылғы 19 наурыздан бастап Компания бірқатар қызметтерін қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырды. Кеңсеге келетін қызметкерлер санын азайту арқылы біз ұжымымыздың жалпы денсаулығын қорғауға тырысудамыз.

Бұл шаралар COVID-19-дың жылдам таралуын тежеу және жұқтыру қаупін азайту бойынша кешенді іс-шаралардың құрамында қабылданды. Компания тапсырыс берушілермен тікелей кездесулер сияқты, виртуалды өзара әрекеттесуді де пайдалы әрі іскерлік деңгейде өткізу үшін барын салады.

Бұған дейін біз барлық іссапарларға шектеу қойып, ішкі және сыртқы іс-шаралардың барлығын тоқтаттық. Біздің Компания коронавирусқа қатысты кез келген жағдайға жедел әрекет етеді және қызметкерлерін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Республика аймақтарының барлығында «ГРУПП Четыре» ЖШС қалыпты режимде жұмыс істейді, нысандардың күзетіне тартылған қызметтер барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, күнделікті жеке қорғаныс құралдарын қолдана отырып ұйымдастырылған. Компания өз міндеттемелерін Тапсырыс берушілер алдында толық көлемде орындайды.

Ұқсас жаңалықтар

COVID-19

Коронавирустық инфекция (COVID-19) таралу жағдайында «ГРУПП Четыре» ЖШС-нің басты қамқорлығы – қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі болып қала береді. 2020 жылғы...