2019 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасының күзет ұйымдары қауымдастығының Арнайы оқу орталығы полигонында Қазақстан Республикасының жеке күзет ұйымдарының қолданбалы көпсайыс бойынша біріншілігі өтті.
Біріншілікке 11 команда қатысты. Қатысушылар үш түрлі сайыста бақ сынады – күзетшілерге арналған эстафета, жедел әрекет ету мобильді топтарының экипаждарына арналған эстафета және Макаров тапаншасынан ату.
«ГРУПП Четыре» ЖШС-нің ОПКиА бастығы Игорь Дмитриевич Некрасов тапаншадан атудан бірінші орын алды.
Жалпыкомандалық есепте «ГРУПП Четыре» ЖШС үшінші орынды иеленді.